Ақпарат

Қазақстан +77 телефон кодында қалады – министр

БАҚ өкілдері ведомство неге мұндай шешімге келгенін сұрады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан +997 кодына ауыспайтынын айтты, деп жазады baq.kz. БАҚ өкілдері ведомство неге мұндай шешімге келгенін сұрады. Біз +77 телефон коды ыңғайлы деп ойлаймыз. Мәселен, смартфондағы қосымшаларды ауыстырмау үшін және телефондағы контактілерді өзгертпеу үшін көпшілікке осы код ыңғайлы деп ойлаймыз, – деді ол үкіметтің баспасөз мәслихатында. Цифрлық даму министрі +77 коды қала беретінін айтады. Қанша қаражат кеткенін қазір айта алмаймын. Бірақ телефон коды консультация мен сараптама бойынша +77 дұрыс деп шештік, – деді Жаслан Мәдиев.

Related posts

ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы қалай көтеріледі

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Таразда прокурор шелпекке қақалып, қайтыс болды

Leave a Comment