Ақпарат

Мұрат Әуезов өмірден озды

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп жазады 24kz. Қаралы хабарды Алматы қаласының мәдениет басқармасы растады. Көрнекті тұлға саналы ғұмырында мәдениет, ғылым және саясатта қызмет атқарды. Ол қазақтың заңғар жазушысы, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің ұлы. Драматург, ғалым Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі болды. Әдеби зерттеулермен айналысты. 200-ден астам жарияланымның, бірнеше монографияның авторы. Мұрат Әуезов 2007 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды

Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді: жағдай тұрақты

Шымкентте су тасқынын жоюға қатысқан құтқарушыларды салтанатты түрде қарсы алды

Пікір қалдырыңыз