Ақпарат

Мұрат Әуезов өмірден озды

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп жазады 24kz. Қаралы хабарды Алматы қаласының мәдениет басқармасы растады. Көрнекті тұлға саналы ғұмырында мәдениет, ғылым және саясатта қызмет атқарды. Ол қазақтың заңғар жазушысы, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің ұлы. Драматург, ғалым Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі болды. Әдеби зерттеулермен айналысты. 200-ден астам жарияланымның, бірнеше монографияның авторы. Мұрат Әуезов 2007 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Тегін IT-білім алуға өтінім қабылданып жатыр

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ДӘУІРІНДЕГІ СЕРІКТЕС

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз