Ақпарат

Оралда әк зауытында жұмысшыны төсеуші автомат басып, қаза тапты

51 жастағы ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты.

Орал қаласында әк зауытында 51 жастағы жұмысшысыны төсеуші автомат басып, қаза тапты, деп жазады stan.kz. Еңбек инспекциясы марқұмның кәсіпорында тасымалдаушы болып жұмыс істегенін жеткізді. Оқиға оның ауысымы кезінде болған. 51 жастағы ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. Деректерге сай бұл жыл басынан бері жұмыс орнындағы үшінші өлім фактісі. Алғашқы екеуі коммуналдық кәсіпорындардың бірінде және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында болған. “Тергеу 10 жұмыс күніне созылады. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдардың көшірмелері процедуралық шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жіберіледі. Өлімге байланысты ҚР ҚК 156-бабына сәйкес кінәлі адамдар анықталған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген”, – деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Аслан Лукпанов.

Related posts

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«NOEXTREMISM, NOTERRORISM» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқан

Leave a Comment