Ақпарат Қылмыс

Астанада Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Астанада Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланған.

Еске салайық, сол кезде ұсталып отырған Бишімбаевқа полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты «Она, наверное, сама нозила» («Ол өзі титығыңа тиген болар» — авт. еск.) деген сөз тіркесін айтады. Бұл реплика бейнежетонға түсіп қалып, 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында көрсетілді.

Related posts

Оралда әк зауытында жұмысшыны төсеуші автомат басып, қаза тапты

Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алимент алушыға ақшаны қайда жұмсағаны туралы есеп беру міндеттелмек

Leave a Comment