Ақпарат Қылмыс

Қырғызстан милициясы үш адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды атып тастады

Қаза болғандар 26 жастағы әйел мен оның екі және төрт жастағы балалары екені анықталды.

Қырғызстанда милиция үш адамды өлтірді деген күдікке алынған ер адамды ұстау кезінде атып өлтірді, деп жазады inform.kz.. Милицияның мәліметінше, 2024 жылы 24 мамырда түнде Айтматов ауданындағы ауылдардың біріндегі үйден аса қатыгездікпен өлтірілген үш азаматтың денесі табылды. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза болғандардың 26 жастағы әйел мен оның екі және төрт жастағы балалары екені анықталды. Сараптама барысында үш адамды өлтіру фактісі анықталды: жәбірленушілердің денелерінде көптеген жарақаттар болды. Полиция қызметкерлері кісі өлтіруге күдіктінің кім екенін анықтады, ол Талас облысы Айтматов ауданы, Ақ-Башат ауылының тұрғыны, бұрын кісі өлтіруге оқталғаны үшін сотталған 1976 жылы туған азамат К.Н. атты болып шықты. Жедел-іздестіру шаралары барысында аса ауыр кісі өлтіру бойынша күдіктінің жүрген жері анықталды, ол тауға барып жасырынбақ болған. Милияция күдіктіні ұстау кезінде атып тастады.

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясындағы сөзі басталды

Кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған Г. Сатыбалдыға қатысты іс сотқа жолданды

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы өсетін болды

Leave a Comment