Ақпарат Шымкент

ОБЛЫСТАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА 50-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ҚОНЫС АУДАРДЫ

 Еңбек күші мол аймақтың тұрғындарын солтүстік өңірлеріне өз еркімен қоныстандыру  Түркістан облысында ерекше сипатқа ие. Елімізде Солтүстік өңірлердегі игерілмеген бос жерлерді пайдалану мақсатында оңтүстіктен Солтүстік аймаққа қоныс аударған азаматтар саны артып келеді. Сонымен бірге түркістандықтар Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарына, Қарағанды, Абай облысына және Ұлытау облыстарына көшті. Аталған өңірлерге қоныс аударуға ниет білдіргендер саны артып отыр.

Елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарламаның мақсаты – халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктегі облыстардың тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге қоныстандыру. Осы бағдарлама қолға алынған 2015 жылдан бері Түркістан облысынан жалпы 10 мыңға жуық мүшесі бар 5 мыңдай отбасы теріскейге қоныс аударды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанға көшіру процессі де қолға алынған. Қоныс аударған еңбекке қабілетті тұрғынның басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылса, қалғаны жеке кәсібін ашқан. Қоныс аударуға ниетті отбасылардың көшу шығындарын облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков мойнына алған. Онда мал, егін шаруашылығымен айналысуына да жағдай жасап береді.

Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылған. Баспана бойынша көмек көрсетілген. Сондай-ақ көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан қаржылай көмек берілген. Айта кетейік бағдарламаның стратегиялық маңызы жоғары. Жаңа мекенге барып, жаңа өмір бастауға, Қазақстанды өркендетуге өңіріміздегі әрбір тұрғынның мүмкіндігі бар.

Related posts

Тараздық полицейлер жолда талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Жол апаты: Ақтөбеде аман қалған 4 адам ауруханаға жеткізілді

Су тасқыны: БҚО-да 90 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Leave a Comment