Ақпарат Шымкент

ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректор кубогіне арналған 10,11-12 сынып оқушылары арасында республикалық Auezov school cup I пікірсайыс турнирі өтті. Оған қаламыздан және еліміздің өзге өңірлерінен  100-ге жуық  мектеп оқушылары қатысты. Мұндағы мақсат оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейін тексеру сондай-ақ  туған еліне деген сүйіспеншілікті арттыру дейді ұйымдастырушылар.

Байқаудың өтуіне қалалық білім басқармасы және  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйытқы болды. Айта кетейік, оқушыларға арналған республикалық пікірсайыс жарысы үшінші мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Турнир жалпы, республикадан 6 аймақ, 40 фракция және 80-жуық спикерлердің қатысуымен өтті.

 Мұнда спикерлер әлем тарихынынан және Қазақстанның тарихы мен болашағы, білім жүйесіндегі жетістіктер мен күрделі мәселелері туралы ой додасында өз идеяларын дәлелдеді.

Айта өтейік, Турнир қорытындысы бойынша І-орынды  Алматылық оқушылар Аликова Жадыра, Сейдахметов Жігер жеңіп алды. Ал, ең үздік спикер номинациясын шымкенттік оқушы Салыбек Шұғыла иемденді. Жеңімпаздарға университет басшылығы 4 жылдық білім грантын табыстап, 2-3 орынды иеленген қатысущыларға ақшалай сыйақылар берілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәрім Мәсімовтің рақымшылығы қарала ма? – Жоғарғы сот жауап берді

Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

Пікір қалдырыңыз