Ақпарат Мәдениет Шымкент

«МУЗЕЙ – ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОРДАСЫ»

Музей – тарихи жады мен өткен дәуірдің мұрасын сенімді сақтайтын маңызы зор мәдени орындардың бірі. Танымды арттырып қана қоймай білім көкжиегін кеңейтіп әсемдікпен байланыстыратын музей атаулы адамның әлем мен уақытқа қатысы барын сезіндіретін айрықша қуатқа ие.Жыл сайынғы дәстүрінен жаңылмай биылда музей күні ерекше аталып өтілді. Бұл күні музейге келушілерді тегін қабылдаған ашық есік күні қарсаңыда алмағайып кезеңде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар жайында жан-жақты мәлімет берілді.

Атаулы іс шараның негізгі мақсаты- ашаршылық пен тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалар рухына тағзым етіп, қазақтың асыл азаматтарының өмірі мен қайраткерлігін таныту. Сондай-ақ  тәуелсіздіктің мән-мағынасын келешек ұрпаққа ұғындырып оның тұғырлы болуы үшін патриоттық сезімді нығайту болды.Бұл күні келушілер үшін арнайы квесттер,топтық ойындар мен тарихқа сыр шертетін кинофильм ұйымдастырылған. Барлығы бірдей атсалысқан ойын  жеңімпаздарына  алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

 Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіндегі саяси репрессияға ұшыраған қоғам қайраткерлері, қазақ зиялыларының қоғамдағы орны мен рөлі олардың еңбектеріне тарихи тұрғыдан талдау жасалған. Айта кету керек «Тағзым» залында 30-32-ж. атылған 2500 адамның аты жазылып тұр.Ашық есік күні қарсаңында арнайы келген Т.Рысқұловтың келіні Ұлбосын Молдабекова  музейдегі қазақ зиялылары мен олардан қалған мұралар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы мен мәні ерекше екенін айтады.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған музей 2001 жылы  ашылған. Қазақстан Республикасында саяси бағыттағы алғаш ашылған мәдени нысандардың бірі.Музей қазіргі таңда үш залдан тұрады: Экспозициялық, «Тағзым» және Кино залы.К

Related posts

Тоқаев 46-шы Сингапур лекциясын оқыды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Leave a Comment