Жаңалықтар шоу бизнес

Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды

Атырауда мейрамханалардың бірінің иесі әншіні сотқа берді. Оған ұйымдастырушы алдын ала бас тартқан қойылымға төленген авансты қайтармағаны үшін айып тақты.

Жәбірленушінің айтуынша, әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен келісім ауызша жасалған. Әншіге 1000 доллар көлемінде алдын ала төлем берілген. Атыраулық кәсіпкер өнерпазға келісімнен бас тартатынын бір жарым ай бұрын ескерткен.

«Сома шамамен 15 миллион теңге болды. Олар маған дөрекі түрде ақшаны қайтармайтынын айтты. Осыдан кейін менеджер барлық дауыстық хабарламаларын жойып тастады. Сосын әншінің үстінен сотқа шағым түсірдім. Бірінші сот отырысында жеңіліп қалдық. Бірақ ақшамды қайтарып алғым келгендіктен аппеляцияға бердім», – деді кәсіпкер.

Апелляциялық сот, 15 мамырда өтті. Сот жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырмады.


t.me/stankznews

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 1000 ТҮП ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Қыстан кейін сапасыз жөнделген жолдар «қалқып шығады» — Астана әкімі

Алматы іргесіндегі үлкен тұрғын үй кешені жер сілкінісі болған күні жылусыз, ыстық сусыз қалды

Пікір қалдырыңыз