Ақпарат Шымкент

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Көктемгі шақыру науқаны жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына әскери қызмет өткеру үшін 30 әскерге шақырылушы келді. Саптық алаңда әскерге шақырылушыларды бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Дәулетбек Қоғабаев қарсы алды. Ол жас жауынгерлерді армиядағы алғашқы күнімен құттықтап, кіші командирлердің басшылығымен алдағы 12 айда олар әскери істі игеріп, ата-аналары мақтанышы болатынын атап өтті.  Сондай-ақ Дәулетбек Андреевич әскерге шақырылушыларға қызмет өткеретін бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толықм жиыны әкімшілігімен таныстырды.

Жас толым алдағы төрт апта ішінде алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Осы уақыт ішінде олар саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігі негіздері бойынша бастапқы білім алады. Оқу курсы атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындау үшін далалық оқу-полигонына шығумен аяқталады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Үндістанда қауіпті вирус таралып жатыр: 16 адам көз жұмды

«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек емес»: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа салық енгізілмек

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

Пікір қалдырыңыз