Ақпарат

Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласында Ұлттық ұланның авиация базасының ашылу рәсімі өтті.

✔️Мемлекет басшысы, ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Сонымен қатар Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті.

– Авиациялық базаның ашылуы – Ұлттық ұлан ғана емес, бүкіл әскеріміз үшін айтулы оқиға. Бұл база күштік құрылымдардың әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштардың шұғыл әрекет етуіне жағдай жасайды. Мемлекет Қарулы Күштерді жабдықтап, әскери инфрақұрылымды дамыту мәселесін айрықша назарда ұстайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ-АМАНГЕЛДІ ТӨЛЕЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ!

Пікір қалдырыңыз