Ақпарат Шымкент

ТИІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Елімізде баспана бағасы соңғы бір жылда 2,9 пайызға өсті. Қазір елімізде жаңа пәтердің бір шаршы метрі 486 мың теңге. Баға әсіресе, Қостанай, Атырау, Алматы қалаларында көтерілген. Ал екінші деңгейлі нарықтағы баспана керісінше 4,4 пайызға арзандады. Қазір оның бір шаршы метрі 493 мың теңгеден есептеледі. Қазақстанда баспана мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сарапшылар биыл іске қосылатын «9-20-25», жас мамандарға арналған ипотекалық бағдарламалардың нарықтағы жағдайға айтарлықтай әсері болмайды деп отыр. Оған ай сайын құбылып отыратын үйлер бағасын қосыңыз. Биыл тұрғын үй бағасының өзгерісіне қандай факторлар әсер етеді?

Отбасы банкінің қолжетімді бағдарламалары көп.Бәрі де халықтың игілігі үшін.Тек алғашқы жарнаны құйып, банк талаптарын орындау қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында баспана мәселесін шешуді тапсырған еді.Президент биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отырғанын айтты.

Наурыз айының басында “Отау” тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталған болатын. Бағдарлама аясында 9 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға қарыз алуға болады. Алғашқы жарна баспана құнының 20 пайызынан кем болмауы тиіс. «Отау» жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама. Жалпы Астана, Шымкент пен Алматыда үміткерлер құны 30 млн-ға дейінгі алғашқы нарықтағы тұрғын үйден баспана ала алады. Ал, қалған өңірлерде 18 млн теңгеге, кез-келген пәтерді қарастыра береді. Алайда, қатысушы жылжымайтын мүлікті «Баспана маркет» порталынан ғана алуы шарт. Құжат қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады.

Тұрғын үй бағдарламалары көп.Алайда, тиімді бағытта баспанаға қол жеткізудің жолын қарастыру маңызды.

Related posts

ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды

Шымкент тұрғынынан аса ірі мөлшердегі трамадол тәркіленді

Leave a Comment