aspan Жаңалықтар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы қоқыс полигоны қоршаудан асып, шашылған күл-қоқыс қоршаған ортаға кесірін тиігізіп жатыр. Әсіресе, мұның зардабын жақын маңдағы ауыл тұрғындары тартып келеді. Себебі жайылымдық жерде жауынан кейін саңырауқұлақтай қаптаған полиэтелен пакетті жеген төрт түлік, бірінен соң бірі қырылып, тұрғындар қып-қызыл шығынға баттық дейді.

 Қоқыс қалдықтарын төгетін бұл 2 полигон Сарыағаш ауданы мен Келес ауданының шекаралық аймағында орналасқан. Сондықтан бұл жерге қос ауданның алыс-жақын ауылдарынан щыққан күл-қоқыстар төгіледі екен. Ал, қоқыс шығаратын мердігер мекемелер қоқысты полигонның ішіне кіріп тастауға ерінетін секілді. Себебі полигон сыртында  шашылған тұрмыстық-қалдықтар бүгінде тау болып үйіліп жатыр. Ал, полигонға 3 шақырым жердегі Ораз ата ауыл халқының жағдайы тіпті мүшкіл. Күн жылыса қолқаны қабатын қолаңса иістен тұншығатындарын айтады.

Ораз ата ауылының тұрғындарын тұншықтырып, жайылымдағы төрт түліктің қырылуына себеп болған полигонды ауыл әкімі біздің балансымызда емес дейді. Қоқыс плоигоны бұл әкімдікке қарасты болмағаны мен зардап шегіп, шығынға батқан халықтың Келес ауданының тұрғындары екенін шенеуніктер әлі күнге дейін түсінбеген сыңайлы. Себебі бірнеше жылдар бойы айтылып келген бұл мәселеге қатысты жауаптылар тек ұсыныс берумен ғана шектеліпті.

 Иә, келес ауданының әкімдік қызметкерлері аталған мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарып жатқанын айтады. Ол үшін Сарығаш ауданына қарасты Көктерек ауылдық округі балансындағы қоқыс полигонын  келес ауданының меншігіне  беруді ұсынған. Алайда, Көктерек ауылдық округінің әкімі біз жодлдаған ұсынысқа ат үсті қарап, жауап бермеді дейді.

Ал, Көктерек ауылдық окургінің әкімі Үміт Оразбайқызы Келес ауданы әкімдігі қызметкерлерінің бұл сөзімен келіспейтінін айтады. Себебі аталған ауыл әкімі бұған дейін қоқыс полигоны Келес ауданының қарамағына алу жөнінде ұсыныс та жіберген. Алайда, көрші аудан ұсыныстан бас тартып, тек полигонды түбегейлі жойып тазалап бергеннен кейін ғана қабылдаймыз деп қысқа қайырыпты.

 Осы күнге қарапайым халықтың базынасына құлақ аспаған жерігілікті әкімдік, han телеарнасының  түсірілім тобы зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана жергілікті әкімдіктерге жан бітіп, қоқыс полигонынын тазалау жұмыстарын жүргізуді бастапты. Бұл жөнінде Көктерек ауылдық округінің әкімі тазалау жұмыстары жүріп жатқан қоқыс полигонынан видеолар жіберіп үлгерді. Сонда бұл мәселеге han телеарнасының  түсірілім тобы араласпаса билік басындағылар қарапайым халықтың үніне  құлақ аспай, жергілікті тұрғындар ары қарайда күл қоқыс зардабын тартар ма еді?

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОБЛЫС ӘКІМІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЕКІНШІ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

Пікір қалдырыңыз