Ақпарат Түркістан

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫ ТУРИЗМ БАҒЫТЫМЕН ҮЙЛЕСТІРЕ ДАМЫТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жөнінде жиналыс өтті. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен әуежайға жауапты өкілдердің есептері, жоспарлары тыңдалды.

Облыс әкімі әуежайдың даму жоспарын туризммен үйлестіру керектігін айтты. Қазіргі көрсеткіштерге көңілі толмайтынын жеткізді.

«Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы 4 халықаралық және 6 республикаішілік  әуе бағыттарына қызмет көрсетуде. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Scat», «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды. Әуежай аптасына 32 рейсті қабылдайды.Әуежайға халықаралық авиациялық ұйымдардың ICAO және IATA  кодтары берілді. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына – 450, жылына 3 миллион жолаушыны құрайды. 2023 жылы жолаушылар ағыны 359,5 мың жолаушыны құрады Жиында жауапты тұлғалардың жоспарлары, ұсыныстары тыңдалды. Арнайы турпакеттер әзірлеп, туристерді тартудың маңыздылығы айтылды. Осы бағытта жұмыс жанданады. Сонымен бірге халықаралық бағыттар санын көбейту бағытында да келіссөздер жалғасады.

 

Related posts

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «ПАРКТЕР ШЕРУІ» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ-ТУРИСТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА АРНАЙЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАРДЫ ТҮСІНДІРДІ

Leave a Comment