Жаңалықтар Түркістан

3 ОТБАСЫНА ДЕМЕУШІЛЕР ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Түркістан қаласында тағы үш отбасы қуанышқа кенелді. Демеушілер есебінен қабырғасы қаланып, бой түзеген баспаналар әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж деп танылған үш отбасына табысталды.

Әр үй 85 шаршы метрді құрайды, үш бөлмесі, асханасы және арнайы шомылу бөлмесімен қамтамасыз етілген. Электр желісіне, табиғи газ бен ауыз су жүйесіне қосылған.

Бұл қуанышқа облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ортақтасып, отбасыларға ізгі тілек-ниеттерін білдірді.

Тұрғындар облыс әкімінің қабылдауында баспана мәселесін көтеріп, көмек сұраған болатын. Өтініш қабылданды.Баспана кілтін табыстау сәтінде тұрғындар осы игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын жаудырды. Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде 17 мыңға жуық адам тіркелген. 2014 жылдан бері Түркістан қаласында кезек бойынша 3298 пәтер үлестірілсе, демеушілер есебінен 50-ге жуық баспана тарту етілген.

 

Related posts

Ердоған 20 жыл ішінде алғаш рет партия жеңіліп қалған сайлауға түсініктеме берді

Apple екі миллиард еуроға жуық айыппұл салды

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Leave a Comment