Ақпарат Түркістан

ТАҒЫ БІР ЗАУЫТ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

ДИКТОР:Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесіп, өңірде өндіріс зауыттарын зауыт ашу бойынша келіссөздер жүргізді. «ЕвразияТранзитГрупп» ЖШС Байқау кеңесінің құрылтайшысы және Төрағасы, «Қазмехлитпром» ЖШС-ң өкілі Серік Уалиевпен кездесуде бірқатар жаңа жобалаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Бұл компания Түркістан облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін арнайы ашылған. «Қазмехлитпром» көлік-экспедиторлық қызметтер көрсетеді және Қазақстан мен ТМД елдерінің бүкіл аумағы бойынша жүк тасымалдайтын вагон-цистерналар мен вагондар ұсынады.  Жоспар жүзеге асқанда жаңа кәсіпорын 20 гектар аймақта орналасады.  Онда вагон бөлшектері, тау-кен, металлургия кешені үшін, құрылыс және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығарылмақ.  Тараптар Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт ашу бойынша бастаманы жан-жақты пысықтады. Отандық инвестор бұл мақсатта 20 млн АҚШ долларынан астам қаражат құюға дайын. Инвестор түркілер ордасында еңбек етуді таңдауын түсіндіріп, бұл жобаның рухани маңыздылығына тоқталды.

  Түркістан облысында инвестиция тарту,  кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Биыл агроөнеркәсіп, өнеркәсіп, құрылыс және туризм  және өзге де салалар бойынша ірі жобалар жоспарланған.

 

Related posts

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КОРЕЯДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Астанада Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Leave a Comment