Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ-ҚОҒАМ ДЕРТІ

Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қаза болған. Бұл көз жұма қарайтын дерек емес. Ал енді әйеліне қорлық көрсеткен азаматтарға жаза күшейтілетін болады. Қорлық көрген нәзік жандылар қайда жүгіне алады?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кез келген қоғамның ауыр дерті. Жәбірленушілер, көп ретте, күш көрсетушінге материалдық не басқа жағынан тәуелді болады. Қынжылтатыны, көп жағдайда жәбір көрсетушілер жауапқа тартылмайды. Сондықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттің де, қоғамның да үлкен міндеті.

Жыл сайын полицейлерге отбасылық жан-жалдарға байланысты 100 мыңнан астам шақыру келіп түседі. Полиция қызметкерлері, өз кезегінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарламаларға ден қою шараларын қабылдайды. Жүгенсіз жүрген жігіттер енді жазадан жалтара алмайды.

Related posts

Макрон НАТО әскерін Украинаға жіберу туралы сөзіне түсініктеме берді

Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы: іс жақын арада сотқа жолданады

Leave a Comment