Жаңалықтар

КАРЬЕРЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отыр. Өзен-көлдерден заңсыз құм, қиыршық тас қазып алып, сатып жүргендер қоршаған ортаға залал келтіруде. Түркістан облысында заң бұзушыларды анықтау және көлеңкелі жер қойнауын пайдалану фактілерінің жолын кесу жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өтетін мәжілісте облыс әкіміне жер қойнауын заңсыз пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді басқа мақсатта пайдалану және өзге де маңызды мәселелер баяндалды. Мәжілісте кәсіпкерлерге ауыр көліктің салмағын өлшейтін таразы болуға міндеттейтін талап қою мәселесі көтерілді.

Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 191 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 107 лицензия негізінде жұмыс істейді. Басым бөлігі Сауран, Сайрам, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасқан. Келісімшарттық міндеттемелерін толық орындамаған және су қорғау белдеуінде орналасқан 16 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары тоқтатылды.

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысының заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу мәселесі бойынша Нұржігіт Мырзахметовтың мәлімдеуінше, жұмысы тоқтағандар тарапынан жолын кескен әкімдік өкілдеріне шағым жазушылар артқан. Облыс аумағында бір жылда өткізілген 400-ден астам рейд жұмыстарының қорытындысымен өзен-көлдерден заңсыз құм, қиыршық тас қазып алып сатып жүрген 276 техника айып тұраққа қойылып, 31,8 млн. теңге айыппұлдар өндірілді.

Мәжілісте заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстар атқару айтылды. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өз тарапынан берілген келісімшарттарды және теңгеріміндегі су айдындары мен каналдары аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу жұмыстарын қадағалауды, Арал-Сырдария және Экология департаменті, Өнеркәсіптік  қауіпсіздік департаменттері  өздеріне түскен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алуға арналған жобаларды келіскен кезде, жергілікті атқарушы органды хабарландыруды  заң аясында қарастыру мәселесі көтерілді.

Сонымен қатар Жер инспекциясы және жер қатынастар басқармасы, аудан қалалар өз құзіреті шегінде қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбаларды жүргізіп жатқан кен орындарының жер телімдерінің рәсімделгені немесе рәсімделмегені туралы талдау жүргізіп, заң аясында шаралар қолдану ұсынылды.

 

 

Related posts

Халық емшілері көмектеспеді: Алматыда хирургтар екі әжені аман алып қалды

Қазақстандық азамат полицейлерді видеоға түсіргені үшін қамауға алынды. Сот оның жағына шықты

Қазақстан айырбастау пункттеріндегі 6 наурыз күні таңертеңгі валюта бағамдары

Leave a Comment