Ақпарат Шымкент

ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕС ӘКІМШІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

«Визит Шымкент» туристік ақпараттық орталығы 16-18 сәуір аралығында қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары өтетінін хабарлады. Барлық деңгейдегі қонақ үй бизнесінің әкімшілеріне арналған  бұл іс-шара қатысушыларға практикалық білімді ғана емес, сонымен қатар динамикалық және бәсекеге қабілетті қонақ жайлылық индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды  қамтамасыз етуді мақсат етуде.

 Әкімшілерге арналған семинардың басты спикері қонақ үй және мейрамхана индустриясында тәжірбиелері мол,танымал мамандар болды.Қонақ үй және мейрамхана бизнесін дамыту бойынша сарапшы, СИЛЬК РОУД САМАРҚАНД халықаралық туризм университетінің профессоры,бизнес тренер Артем Клыков тәжірбиесімен бөлісті.

 Сонымен қатар, Хильтон Астана қонақ үйінің коммерциялық директоры, бизнес тренер, Анна Суханова қатысушылармен  тиімді коммуникациялар және маркетинг стратегиялары сласындағы білімдерін жетілдіру бойынша тәжірбиесімен бөлісті. Қонақжайлылық саласында табысқа ұмтылып,біліктілігін арттыратындар үшін бұл семинар тренингке қатысу кәсіби өсу мен мансабында жаңа биіктерге жетудің негізгі қадамы болмақ дейді сарапшы мамандар.

Айта кететін болсақ, бұл қонақ жайлылық саласындағы сервисті жақсарту аясында өткізілетін алғашқы семинар-тренинг емес. Визит Шымкент  Туристік Ақпараттық Орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылы алғашқы рет өткен семинар- тренингтер қазіргі таңға дейін өз жалғасын табуда.2021-2023 жылдары қонақ үй әкімшілеріне ұйымдастырылып келген семинар-тренингке осы жылы тағы бір бағытты қамтып, мейрамхана әкімшілерінің біліктілігін арттыруды да көздеп отыр.

Related posts

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды

Тоқаев күзде Түрікменстанға барады

Leave a Comment