Түркістан

3 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕ БОЙЫ ТАЗАЛАНЫП, 1 031 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Таза өлке» апталығы аяқталып, «Киелі мекен» апталығы басталды. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аталған экоакция аясында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Облыс басшысы игі істі барынша жоғары дәрежеде атқаруға және барлық құрылымды жұмылдыруды тапсырды

«Таза өлке» апталығы аясында 267 көлемді іс-шара өткізіліп, 2 839 көше бойы мен 58 407 шаршы метр аяқжол тазаланды. 140 мыңға жуық ағаш отырғызылды. 144 мыңнан  аса ағаш әктелді. 346 саябақ пен сквер және 298 балалар мен спорт алаңшасы ретке келтірілді. 272 шақырым көпір мен өзен-каналдардың және бұлақ арналарына тазалық жұмыстары жүргізілді

Өңірде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін облыстың аудан, қалаларының аумақтары секторлар мен учаскелерге бөлініп, бекітілген. Бұдан бөлек мобильді топтар құрылған. 6-13 сәуір аралығында жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен, бір аптаның өзінде 1000-нан аса айыппұл салынған. Жалпы жыл басынан 6 752 тәртіпсіздік тіркелген.

Айта кетейік, еліміз бойынша 10 сәуір күні басталған экологиялық акция 11 мамырға дейін жалғасады. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Экоакция аясында өткен «Таза өлке» апталығы аяқталды. «Киелі мекен» аптасында Түркістан облысында 170 іс-шара өткізу жоспарланған.

 

Related posts

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮРЛІ ТҮСТІ ФОРЕЛЬ БАЛЫҒЫН ӨСІРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында жасөспірімдер құрдастарын қатыгездікпен ұрып-соғуды бейнеге түсірді

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

Leave a Comment