Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жоба аясында  бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. Бұл жоба Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді.

Қытайдың іскер топ өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Басқосуда өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, тері өңдеу, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар білім саласы бойынша жаңа жобалаларға қатысты ұсыныстар айтылды. Көршілес елден келген инвесторлар аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді. Қытай делегациясы тарапынан да бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен халық сұранысына сай салаларға бет бұратындарын атап өтті.

Related posts

СЕНАТОРЛАР ӨҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН БІРГЕ СУДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 297 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

ШАРДАРА МЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ

Leave a Comment