Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барып, аймақта іске асып жатқан жобаларды бақылады. Бірінші кезекте «Састөбе инновациялық кешені» ЖШС-не табан тіреп, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Қазіргі таңда зауытқа қажетті инфрақұрылым толық тартылып, басты нысанның жерін тегістеу жұмыстары атқарылуда. Нысан іске қосылған жағдайда 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтіліп отыр.

Сапар барысында Дархан Сатыбалды Бейбарс Ботлерс ЖШС-нің құрылысымен танысты. Ауыз су және  хош иістері бар алкогольсіз сусын өндіретін зауыт жобасының жалпы құны – 9 000 млн теңге, жаңадан 94 адамға жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жобаны орналастыру үшін жер телімі бөлінген, тегістеліп, іргетасы қаланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары  жүріп жатыр. Кәсіпорынды электрмен, газбен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Тиісті құжаттары әзірленген. Іссапар барысында инвестициялық жобаларды көбейту,  «Ауыл аманаты»  жобасын тиімді үйлестіру,  «Таза Қазақстан»  акциясын сапалы атқару, көгалдандыру және ауылдардың тазалығын сақтау жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Related posts

Су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?

Полиция мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар мал ұрлаушылар тобын ұстады

«Жұмыс жүргізілуде»: әкімдікте Қарқаралыда судың жетіспеушілігі жағдайы түсіндірілді

Leave a Comment