Жаңалықтар

Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.

Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

Related posts

Астанада, Шымкентте және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Полиция мен сот орындаушы: Түркістан облысында 6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

«Жағдай шиеленісіп тұр». Депутат мобильді аударымдар бойынша тексерулерді қорғап сөз сөйледі

Leave a Comment