Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ҚОС АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ЕКТІ

Келес ауданының Ошақты ауылдық округіне қарасты Атақоныс және Жиделі елді мекендерінің тұрғындары 650 түп қарағаш көшетін отырғызды. Аталған шара облыстық маңызы бар Абай-Шардара автомобиль тас жолының бойында ұйымдастырылып, 80-ге жуық ауыл азаматтары атсалысты.
– Ауылды көркейту мақсатында бірнеше кешенді жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауыл халқы жиналып, ағаш екті. Бұл жақсы істің бастамасы. Ауылдарды көгалдандыру үшін қажетті ағаш көшеттері жеткізілуде. Бұл мүмкіндікті пайдаланған Атақоныс және Жиделі ауылдарының тұрғындарына алғысымды білдіремін. Болашақта бұл алаң үлкен демалыс орнына айналады деп сенеміз, – деді Ошақты ауылдық округінің әкімі Нұрмаханбет Нархозиев.
Көшет қондыруға Келес аудандық маслихат депутаттары Маханбет Қожағұлов, Жеңіс Ешанкұлов және округ әкімі Нұрмаханбет Нархозиев пен ауыл жанашырлары да белсене қатысты. Ауылдық округі аумағынан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты ағаш отырғызылған аумақ қос ауылдың арасын жалғайтын саябақ болатынын атап өтті.
Бұл аумақта алдағы уақытта екі елді мекен арасын жалғайтын үлкен саябақ болады. Күз айында тағы да көшеттер отырғызылып, болашақта түнгі жарықшамдар, отыратын орындықтар орнатылады. Бұндай іс-шара басқа да елді мекендерде де жалғасын табады.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

ТҮРКІСТАНДА «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 2 ЖЫЛДА МҮЛДЕМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН АУЫЛ БАР

Leave a Comment