Сауран ауданында Ұлыстың ұлы күні аталып өтті. «Береке басы – Наурыз» іс-шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық, аудандық мәслихатының депутаттары мен қонақтары, ардагерлер мен ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен этно мәдени орталықтың өкілдері қатысты. Аудан тұрғындарын әз Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
Әкімдік алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, аудан қонақтары мен тұрғындары наурыз көжеден дәм татты. Мерекеге орай қолөнер шеберлерінің, оқу орындары мен білім саласының көрмелері қойылды. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда қазақша күрес, арқан тарту сынды жарыстар ұйымдастырылды. Бұдан соң қалың көпшілік мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ, арнайы дайындаған театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Тұрғындардың жүзінен мерекелік леп сезілді. Бәрі де шат-шадыман күйде бірін-бірі құттықтап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Кешкісін қасиетті Рамазан айының оразасын ұстаған жамағатқа ауызашар берілді.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды