Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛ ТУРИСТЕРІНІҢ САНЫ 5 ЕСЕ АРТТЫ

Түркістан облысына шетелден келетін қонақтардың саны артып отыр. Е-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіштерге сүйенсек, биылғы жылдың І тоқсанында 4485 шетел турисі келген. Олардың қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Франция, ҚХР, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Үндістан елінің тұрғындары бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 есе көп. Өткен жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш – 980, 2022 жылы 358 болған.
Шетелдіктердің басым бөлігі туризм мақсатында келген. Бұдан бөлек іскерлік байланыс орнату үшін жұмыспен келсе, енді бір бөлігі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысқан.
Айта кетейік, биыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» мәртебесі ресми түрде жаңа маусыммен ашылған болатын. Жыл бойы өткізілетін «Рухани мекенде неке қию» туристік іс-шарасы, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, «Әуе шарлары» фестивалі, «Түркі әлемінің тағамдары – ТӘТТІ» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» Түркі елдері өкілдеріне арналған ақпараттық тур, страйкболдан «Түркі қырандары» халықаралық чемпионаты (Airsoft), «Қымызмұрындық» фестивалі, «Tourist Time» телевизиялық жобасы өткізіледі. «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндері фестивалі бұл жолы таулы аймақта, ашық аспан астында ұйымдастырылады деген жоспар бар. Үш күндік ауқымды шарада 20-ға жуық мемлекеттен өнерпаздар арнайы келіп, қазақ әндерін шырқайды деп күтілуде. Өңірде халықаралық деңгейде – 25, республикалық деңгейде – 23, облыстық деңгейде – 56, жалпы 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӨШЕТ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстанда автомобильдерді әкелу схемаларына байланысты ауқымды тексерулер жүргізілуде

Қазақстан бойынша 58 миллион тонна радиоактивті қалдықтар шашылды — депутат

Leave a Comment