Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Алматы облысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өзбекстанның құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген 42 жастағы шетелдікті ұстады. Бұл туралы аймақ полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

 

Ер адам 28 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ұсталды.

 

Ұсталған адамды конституциялық құрылысқа қол сұғушылық және шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жазалауды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Қарақалпақстан Республикасы ІІМ-нің Нукус қалалық ІІБ қызметкерлері мемлекетаралық іздестіру жариялағаны анықталды.

 

Ұсталған адам қамауға алынды, іздестіру іс-шараларының бастамашысына тиісті хабарлама жіберілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды

Бір ай бұрын суға кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Пікір қалдырыңыз