Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Шымкент ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

1 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е.Тленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А.Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А.Манатқа қатысты үкім жариялады.

«Үкім сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен жария етілді. Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 жыл және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт аясында мегаполисті абаттандыру жұмыстарын орындаған кезде 60 миллион теңге көлемінде пара алған, сондай-ақ зираттарды ұстауға бөлінген 28 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша кінәлі деп танылды «, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Related posts

Жаңа депутат Мәжілісте ант қабылдады

Премьер-министрге қазақстандықтардың кейбір санаттарының жалақысын көтеру ұсынылды

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

Leave a Comment