Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстіктік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Сапар барысында облыс делегациясы мен Қазақстанның Кореядағы елшісі Нұрғали Арыстанов Korea International Trade Association (Кореяның халықаралық сауда қауымдастығы) компаниясының президенті Сик Юн Джинмен кездесті. Қос тарап өзара байланысты дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады. Келіссөздер жүргізді.   KITA – Кореяның шағын және орта бизнесіне сыртқы нарықтарға шығуға көмектесетін, елдегі сауданың дамуына үлес қосып келетін 80 жылға жуық тарихы бар жетекші бизнес ұйым. Осы елдің сауда саласының құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, жеке экономикалық ұйым ретінде Кореяның экономикалық өсуіне үлес қосады, осылайша жаһандық саудаға ықпал етеді. 70 мыңнан астам компанияны біріктіретін Корея елінің ең ірі іскерлік қауымдастығы әлемнің 66 еліндегі 232 ұйыммен ынтымақтасады. Қауымдастықтың Қазақстандағы серіктестері – «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» мен «Kazakh Invest» ҰК. KITA қызметі шетелдік маркетинг пен инвестицияларды қолдауды, халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесуді, сауда ақпараты мен зерттеулерді ұсынуды, халықаралық сауда бойынша мамандарды оқытуды және ілеспе консультацияларды қамтиды. Кореяның халықаралық сауда қауымдастығы зергерлік бұйымдар, сусындар индустриясы, косметика өндірісі, косметика және парфюмерия, косметология, тамақ өнеркәсібі, тағамдық қоспалар, тұрмыстық заттар, сұлулық салондары, үйді безендіру, аксессуарлар және эстетикалық медицина салалары бойынша жұмыс істейді. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысының шығысында үсік жүреді

Астанадағы Орыс үйінің алдына үлкен кезек қойылды

Leave a Comment