Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Алматы облысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өзбекстанның құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген 42 жастағы шетелдікті ұстады. Бұл туралы аймақ полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

 

Ер адам 28 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ұсталды.

 

Ұсталған адамды конституциялық құрылысқа қол сұғушылық және шекараны заңсыз кесіп өткені үшін жазалауды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Қарақалпақстан Республикасы ІІМ-нің Нукус қалалық ІІБ қызметкерлері мемлекетаралық іздестіру жариялағаны анықталды.

 

Ұсталған адам қамауға алынды, іздестіру іс-шараларының бастамашысына тиісті хабарлама жіберілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандағы кең ауқымды ветеринариялық іс-шаралар: эпизоотиялық салауаттылықты және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметшілерді іріктеу басталды

Ақтау тұрғындары 8 наурызда автобустармен тегін жүреді

Пікір қалдырыңыз