ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРІ 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Алматы қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жеңіл атлеттер сайысы өте тартысқа толы болды. Дүбірлі сында Түркістан облысының спортшылары 9 медаль еншіледі.
20 жасқа дейінгі жастар арасында найза лақтырудан түркістандық спортшылар жарады. Бұл сында Нұрдәулет Маман мен Айгерім Манасбайға тең келер қарсылас болмады. Олар алтын медаль иеленіп, өз жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады. Ал 5000 метрге жүгіруде Ұлданай Абылхан алдына жан салмай, жеңіс тұғының ең биігінен көрінді.
18 жасқа дейінгі атлеттер арасында найза лақтыруда Жігер Ербосын мен Ұлбосын Есіркеп алтыннан алқа тақса, Шадияр Құлатай күміс жүлдегер атанды.
Қоса кетейік, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бәсекеде найза лақтырудан Шұғыла Тұрсынхан күміске қол жеткізсе, диск лақтырудан қола жүлдені қанағат етті. Сонымен қатар, найза лақтыруда тағы бір жерлесіміз Азамат Жаманбай күміс медаль иемденсе, Керімбек Рысдәулет қолаға қанағат етті.
Өздерінің шеберліктерімен көзге түскен жерлестеріміз Нұрдәулет Маман мен Айгерім Манасбай 22-27 сәуірде Дубайда өтетін 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды