Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ҚАЛА ӘКІМІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУДІ ТАЛАПТАРҒА САЙ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде халық денсаулығын жақсартуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев жергілікті тұрғындарды медициналық ұйымдарға тіркеу, инфекциялық ауруларды алдын алу мен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстарын баяндады. Қала әкімі тиісті басқарма басшысына емханаларға тіркелуді талаптарға сай реттеп, заңсыздықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті. 🔷 Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б. Өнербаев волонтерлік жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға еріктілердің жұмысына қолайлы жағдай жасап, оларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді. 🔷 Аппарат отырысында қала тазалығын сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды. Бұл ретте сала басшыларына аудандардағы тазалық шараларын жоспарға сай ұйымдастыру ескертілді. Aspan.info Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

7 наурыз күні таңертең Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Электрондық темекі тоғызыншы сынып оқушысын реанимацияға алып келді

Ақтауда вандалдар 2,5 миллион теңгеге селкілдерді сындырды

Пікір қалдырыңыз