Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің алғашқы иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы XXII халықаралық турнирі тағы да жалауын желбіретті. Дүбірлі додада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 200-ден астам спортшы сынға түседі.
Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласысының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова құттықтау сөз сөйлеп, спортшылараға сәттілік тіледі.
«Елдің атын шығарған ердің есімі жаңғырып, жыл сайын турнир өтіп жатқанына ана жүрегіммен қуаныштымын. Шын мықтыға тұсау жоқ. Күллі қазақтың даңқын 20 жасында әлемге танытқан Бекзаттың спорттағы даңғыл жолы боксшыларымызға жұғысты болсын. Жарысты халықаралық деңгейде ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған облыс әкімдігіне, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымына алғысым шексіз», деді Сырлыкүл Адырбекқызы. Шаршы алаңдағы былғары қолғап шеберлеріне қолдау білдіріп, тартысты бәсекеге куә болғысы келетін жанкүйерлер үшін дәстүрлі турнир мереке іспеттес. Шамамен 300-ге жуық көрермен «Olympic Center» спорт кешенінде боксшыларға дем беріп отыр. Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов бастаған ер Бекзаттың спорт саласындағы әріптестері мен еліміздегі бокс майталмандары жастардың деңгейіне лайықты бағасын беруге арнайы келген.
Жарыс жеңімпазы атанған спортшыларға белбеу, медаль және диплом табысталады. Турнир 4 сәуірге дейін жалғасады. Жалпы облыс көлемінде 39 спорт мекемесінде 6200-ден астам спортшы бокспен шұғылданса, 270 жаттықтырушы боксшыларды баптап жүр.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
 

Related posts

Қарағанды облысында су басу салдарынан 12 автожол жабылды

Алматыда үш есе сальто: мотоциклшінің құлауы видеоға түсіп қалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті

Leave a Comment