Жаңалықтар Қоғам

Прокурордың қалпағын киген: блогер Атырауда сотталды

Атырау соты 26 жасар блогерге айыппұл салды. Бұған прокурордың заңсыз киім киюі себеп болды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Айырым белгілері және (немесе) рәміздері бар әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнайы киім-кешекті заңсыз киіп жүру» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабының 1-бөлігі бойынша Ж. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

«Сот 2024 жылғы 21 ақпанда Ж. Атырау қаласының № 2 сотының ғимаратында прокурордың арнайы қысқы бас киімін, яғни айырым белгілері мен рәміздері бар нысанды киімді заңсыз киіп жүргенін анықтады. Ж. кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, фотосуреттермен толық расталады «, — делінген материалда.

Сот қаулысымен блогер кінәлі деп танылды. Оның жеке басын, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, 18 460 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Related posts

Шенеуніктер байқаусызда «тендерді жеңіп алу нұсқаулығын» сыртқа шығарды: Антикор мәлімдеме жасады

Несиесі есептен шығарылған қазақстандықтар қайтадан қарызға батты

Шымкентте учаскелік полицей тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдіктіні ұстады

Leave a Comment