Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысының бір ауданында ТЖ режимі жарияланды

Шет ауданында су тасқынына байланысты ТЖ режимі жарияланды. Онда үш елді мекен су астында қалды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Қайрақты, Дерипсал және Ақсу ауылдарындағы су басқан үйлерден 292 адам, оның ішінде 114 бала эвакуацияланды. Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетініне сендірді.

«Ауданда су тасқыны жағдайы бұрынғысынша күрделі болып қалуда. Бұл ретте су тасқыны коммуналдық желілерге зақым келтірмеді, елді мекендермен байланыс үзілген жоқ. Менің шешіміммен ауданда ТЖ режимі жарияланды. Тұрғындарға келтірілген залалды бағалайтын арнайы комиссия құрылды. Жедел желінің телефоны: 8 (710 31) 21-3-04, 21-5-09 «, — деп хабарлады Мұхит Мұхтаров.

Қарағанды облысының барлық аумағында жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Билік гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді деп сендіреді. Самарқанд, Ынтымақ су қоймаларынан секундына 900 текше метрге дейін су ағызылуда. Департаменттер, басқармалар мен әкімдіктердің қызметкерлерінен тұратын ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жол төсемінің шайылуына және еріген қар суының ағуына байланысты республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 6 учаскесі жабық күйінде қалып отыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Досаев құны 475 миллион болатын жер сілкінісі туралы хабарлаудың жаңа жүйесі туралы айтты

Қостанайлықтар суды қайнатып, тұндыруды сұрады

Ақтауда өте үлкен сәби дүниеге келді

Пікір қалдырыңыз