Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев жазушы Сәбит Досановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Сәбит Досановтың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, «Отан» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетін жаңғыртуға елеулі үлес қосты. Шынайы шығармашыл тұлға ретінде ол бүкіл өмірін ұлттық проза мен драматургияны дамытуға арнады. Оның шығармалары кең оқырмандар тарапынан лайықты танылды. Бай әдеби мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады «, — делінген жеделхатта.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда автобус апатына қатысты сот отырысы онлайн өтіп жатыр

Ақтөбедегі мектеп бухгалтері 413 миллион теңгені қалай ұрлағаны белгілі болды

Қазақстан Қырғызстанға тағы мың тонна дизель отынын тасымалдады

Пікір қалдырыңыз