Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғындарына кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары басталатыны ескертілді

1 сәуірден бастап Алматыда орман алқаптарын, қалалық саябақтар мен скверлерді кенелерге қарсы өңдеу басталады. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып. Өңдеумен сегіз орман алқабы (1904,924 гектар және 100 қалалық саябақтар мен скверлер (461,636 гектар) қамтылатын болады. Дезинсекциялық іс-шаралар 1-27 сәуір аралығында құрғақ, жауын-шашынды ауа райында жүргізіледі. Иксод кенелерімен күресте барынша нәтижеге қол жеткізу үшін мамыр-маусымда өңдеудің екінші кезеңі өтеді. Қалыптастырылған дезинфекциялық бригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен және жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін «Дельтэкс SC 10» препараты пайдаланылады, ол уыттылығы төмен және қауіптілігі төмен заттарға жатады.
«Қолданылатын дозалар адамдар мен жануарлар үшін толық қауіпсіз. Өңдеу негізінен таңертеңгі сағаттарда жүргізіледі. Өңделетін учаскелердің шекарасында ескерту жазбалары бар қалқандар орнатылады «, — делінген ведомство хабарламасында.
Осыған байланысты санитарлық қызметтің эпидемиологтары қала тұрғындарына мынадай сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
  • инсектоакарицидті препарат ерітіндісінің теріге немесе киімге түсуін болдырмайтын қашықтықта кенеге қарсы өңдеу жүргізілетін жерге жақындамау;
  • препараттың кебуіне дейін үй жануарларының өңделген аумақпен байланысуына жол бермеу;
  • өңдеу жүргізілгеннен кейін 40 күн бойы өңделген учаскеден саңырауқұлақтарды, шөптерді немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда жүргізушілердің бір санаты үшін ең төменгі жасты төмендетуі мүмкін

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді

Семей көшелерін еріген су басты

Пікір қалдырыңыз