Жаңалықтар Қоғам

Премьер Бектенов су тасқыны туралы: Кінәлілер жауапқа тартылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жедел кеңестің қорытындысына түсініктеме берді, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.
«Мемлекет басшысы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді. Үкіметте Премьер-министр бастаған республикалық штаб құрылды, онда мәселелер тәулік бойы бақылауда болады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар назардан тыс қалмайды. Барлық шығын өтеледі «, — деді Бектенов.
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны салдарынан болған төтенше жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді. Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдердің салақтығы мен кәсіпқойлығы үшін іс-қимылын қатаң сынға алды. Су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТЕЛЕСКОП ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді

Гаитиде бандылар полиция мен президент сарайына шабуыл жасады

Пікір қалдырыңыз