Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандағы су тасқыны: Тоқаев министрлер мен әкімдерге қатаң сөгіс жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі су тасқынына қатысты жедел отырыс барысында бірқатар министрлер мен өңір әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялады.

Мемлекет басшысы үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің іс-қимылын қатаң сынға алды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін мынадай жазалар болады: сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату.

Мемлекеттік қызметкерлерге сөгіс айтудың қаупі неде?

Алынбаған тәртіптік жаза болған және теріс қылық қайталанған кезде мемлекеттік қызметшіге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жаза қолданылады. Немесе адамды лауазымына төмендетеді.

Терiс қылық қайталанған кезде қызметшiге жазаның неғұрлым ауыр түрi қолданылады.

Егер ол қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту не лауазымын төмендету болған кезде теріс қылық жасаса, мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылады.

Related posts

Аборт жасау құқығы Францияның Конституциясында бекітілген

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қазақстандыққа YouTube ролигі үшін 664 мың теңге айыппұл салынды

Leave a Comment