Жаңалықтар Қоғам

Су басқан Қояндының қазіргі ахуалы қалай?

Бірер күн бұрын Астана маңындағы Қоянды ауылын су басты. Бүгінгі таңда су қаупі сейілді ме? Қазіргі ахуал қалай? Биыл неге елді мекен су астында қалды? Төтенше жағдай қызметкерлері қандай жұмыс атқарып жатыр? Massaget.kz тілшісі Қоянды ауылының мән-жайын біліп қайтты.  Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қояндыдан бүгін 150 мың текше метр қар шығарылды.
«Бүгін сағат 100 мың текше метрге жуық еріген су тартылды. Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және ЖАО 35 бірлік техникасы, 100-ден аса адам және 41 мотопомпасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда жағдай қалыпты», — дейді ведомство өкілі.
2004 жылы Қоянды ауылында 58 үй болса, қазіргі таңда 5 мыңға жуықтады. Ауылда 180 шақырымға созылған жол және 108 көше бар. Сонымен бірге, Қояндыда 40 мыңға жуық халық тұрады. Ауылда жедел эвакуацияланған адамдар жоқ. «Қарымызды қыс бойы өзіміз шығардық. Павлодардағы жолды жапқаннан кейін шаралар қабылданғандай болып еді, алайда әкімшілік жіберген 4-5 көліктің шамасы жететін емес. Тіпті тоқтап қалды десек болады. Халық ауласындағы қарды шығарайын десе экскаватор таппай отыр. Қазіргі таңда үйлерді әлі су алып жатыр. Осымен 5-ші күн әкімдік тарапынан әкімшілік жағынан ешқандай әрекет жоқ. Біз шарасыздықтан жүгініп отырмыз», — деді Қоянды ауылының тұрғыны. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақтөбедегі мектеп бухгалтері 413 миллион теңгені қалай ұрлағаны белгілі болды

Дипломаттар Гаитиден кетті: астана қоршауда

Астанада екі африкалық әйел интимдік қызмет көрсету салонын ұйымдастырды

Пікір қалдырыңыз