Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Қытай энергетикалық корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнді қабылдады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.
Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері негізіндегі одан арғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Тоқаев China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істейтіндігі туралы хабардар етілді. Соңғы 5 жылда Жаңатаста жел энергетикасы жобасы құрылды, сондай-ақ Қарағандыда күн электр станциясы салынды.
Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің басшысы Жамбыл және Павлодар облыстарында шамамен бір миллиард доллардан астам инвестициямен жиынтық қуаты 1 гигаватт жел электр станцияларын салу бойынша жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы айтып берді.

Лю Миншэн сондай-ақ Қазақстанда ірі ауқымды гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыру және бу-газ турбиналарын салу перспективаларын зерделеу ниеті туралы хабарлады. Президент біздің еліміз жаңартылатын энергия саласындағы үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді тартуға мүдделі екенін атап өтті.

Тоқаев Лю Миншэнді маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қытайда сапармен жүр. Бұған дейін Тоқаев жыл сайын Қытайдың Хайнань провинциясында өтетін Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында сөз сөйлеп, БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы (ЭЫДҰ) Матиас Корман және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті

Related posts

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ С.ҚҰРАНБЕК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкенттің экс-замәкімінің сотталушы сот залында жылап жіберді

Польшада көлік жиналған адамдардың арасына соқты: ондаған адам жарақат алды

Leave a Comment