Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ҚЫТАЙДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазір Қытай астанасы Бейжіңде ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның туризм жылының ашылуы аясында форум өтіп жатыр.
Іскерлік шара аясында еліміздің әрбір өңірі қытайлық туроператорларға, көрме ұйымдастырушыларына және кәсіпкерлеріне өзінің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынады.
Форумда Шымкент қаласының стенді ұлттық нақышта безендірілді. Қонақжайлық дәстүрі көрсетіліп, келушілерге қазақтың ұлттық тағамдары – қазы, бауырсақ, наурыз көже ұсынылды.
Стендтің құрметті қонақтарының бірі Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев болды.
Форумның панельдік отырысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов баяндама жасап, тарихи ескерткіштер мен көрікті жерлер, қолайлы климат пен қонақжайлылық сияқты мегаполистің туристік артықшылықтарын атап өтті.
Инвестициялық әлеуетке келетін болсақ, қалада инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сәуір-мамыр айларында Шымкентке Қытайдан туроператорлар делегациясы келіп, қаланың инфрақұрылымымен танысатын болады.
Еске салайық, Қытайдағы Қазақстанның Туризм жылы деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапары барысында жарияланған болатын.
Aspan.info Шымкент Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Сауд Арабиясының королі Газадағы «қатыгездіктерге» жауап берді

Қазақстан Парламенті вейптерге тыйым салу туралы заңды қабылдады

Әлия Назарбаеваны рейдерлік жолмен басып алды деген айып тағылды

Пікір қалдырыңыз