Жаңалықтар Қоғам Түркістан

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сонымен бірге Мәулен Әшімбаев өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған шаралар туралы айтты және ұлтымыздың жаңа келбетін айқындайтын құндылықтарға назар аударды. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды қоғамдағы іргелі әлеуметтік-мәдени өзгерістермен үйлестірудің маңызы зор екенін айтты.
«Қазіргі таңда білімді жастардың кәсіби тұрғыдан өсіп, дамуы үшін мол мүмкіндіктер бар. Мемлекет тарапынан кешенді қолдау шаралары қабылданып жатыр. Сондықтан жастар елдің болашағы өздеріне тікелей қатысты екенін сезінуге тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда еліміз үшін аса маңызды жасампаз құндылықтарды белгілеп берді. Аталған басымдықтар Әділетті Қазақстан құру жолында айрықша мәнге ие және бұл қағидалар жас буын үшін қашанда маңызды бағдар болуы керек», – деген Мәулен Әшімбаев жастардың сапалы білім мен рухани құндылықтарға деген ерекше ынтасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік әлеуетін арттыра түсетініне сенім білдірді.
Сапар кезінде Парламент делегациясы өңірдегі су тапшылығы мәселесін шешу жолында маңызы зор «Оранғай» су тазалау стансасына барып, нысанның жұмысымен танысты.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Related posts

Тоқаев Путинмен сөйлесті

Қарағанды облысының бір ауданында ТЖ режимі жарияланды

Қазақстандықтардың жартысынан азы сиреналарды естиді. Олар 10 миллиард теңге жұмсады

Leave a Comment