Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: СОТТАРМЕН ҚАРАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР 25,7 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық сотының Қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдос Сұлтанов мәлімдеді.
«Түркістан облысында 2024 жылдың І тоқсанында жергілікті соттармен 424 қылмыстық іс қаралып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25,7%-ға азайған. Сондай-ақ, биыл барлығы 336 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталып, 57 үкімге азайған. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 5 ақтау үкімі қабылданды. Аталған кезеңге барлығы 47 іс қысқартылған. Бұдан бөлек, медиация бойынша 7 қылмыстық іс қаралды. Жалпы 2024 жылдың І тоқсанында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қорғалуы өткен жылдармен салыстырғанда 60%-ға артқан»,- Айдос Едігеұлы.
Сонымен қатар, брифингке қатысқан Азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболов аудандық және теңестірілген соттарға 2023 жылы 30 033 арыз түсіп, көрсеткіш 17,9 %-ға артқандығын айтты. Оның ішінде 26 982 азаматтық іс — өндірістен, қалған 15 560 іс — шешім шығарумен аяқталған. Өндіріспен аяқталған азаматтық істер бойынша ең көп дау санаттары — отбасылық қатынастардан туындайтыны анықталған.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕРТЕҢ БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ АУЫСАМЫЗ! НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

ТҮРКІСТАН: 3 ТӘУЛІКТЕ 47 ТОННА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ТӘРКІЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Пікір қалдырыңыз