Жаңалықтар Қоғам

«Шаш ал десе, бас алуға жол жоқ!» Шетелдегі активтер қалай қайтарылып жатыр?

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бұған дейін Қазақстанға шетелден қайтарылып жатқан активтердің басым бөлігі Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ақшалары екенін айтты. Депутат бұрынғы олигархтар, соның ішінде Құлыбаев, Машкевич, Өтемұратовтардың барлығы қатаң тексерілуі керек екенін мәлімдеген болатын.

Massaget.kz тілшісі шетелдегі активтерге қатысты кейінгі деректерді білу мақсатында жауапты органға ресми сауал жолдады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мәліметінше, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс 2022 жылы 5 шілдеде басталған.

«2022-2023 жылдар аралығында елге құны 403 миллион АҚШ доллары, ал 2023-2024 жылдары аралығында 186 миллион АҚШ доллары тұратын активтер қайтарылды.

Бүгінгі күні құқық қорғау жəне басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы нəтижесінде шетелден 589 миллион АҚШ доллары қайтарылды», — деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке жауабында.

Комитет «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңның талаптарына сəйкес активтерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын хабарлады.

«Заң шеңберінде бірқатар субъекті тізілімге енгізілген, олар бойынша комитет деректердің үлкен көлемімен жұмыс жүргізіп жатыр. Тізілім бойынша субъектілердің жəне олармен үлестес тұлғалардың шетелдік активтері (жылжымалы/жылжымайтын мүлік, компаниялардағы акциялар/үлестер, ақша қаражаты жəне т.б.) туралы ақпарат тексеріліп жатыр», — деп жауап берді комитет өкілдері.

Сонымен қатар, комитет тарапынан бұл мәселеге қатысты неғұрлым егжей-тегжейлі мəліметті мерзімінен бұрын жариялау бірқатар құқықтық, инвестициялық жəне əлеуметтік-экономикалық қауіпке әкеп соғатыны айтылды.

Related posts

Қате төленген салықты қалай қайтаруға болады

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЛЕСТЕГІ КӨПІР МЕН СУ НЫСАНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Leave a Comment