Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕКШІЛЕРІ 34 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Өзбекстанның Ташмор қаласында байдарка мен каноэде есуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Айтулы сында Түркістан облысының ескекшілері 34 медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, 8 алтын, 8 күміс және 18 қола медаль еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің директоры Денис Жәрменов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Спортшылардың жетістігін жоғары бағалаған ол Париж Олимпиадасының жолдамаларын көбірек алу және жүлдеге қол жеткізу маңызды екенін жеткізді. Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары 18-21 сәуір аралығында Токиода өтетін лицензиялық турнирге қатысады. Атап айтсақ, байдаркашылар – Раматулла Бекарыс, Шмелева Ольга және каноэде есуден Туребеков Полат Азияның лицензиялық чемпионатына іріктеуден өтті. Оларға қаржылай сыйақы тапсырылды. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 

Related posts

Ақмолалық «полицей» WhatsApp арқылы бейнебақылаудан кейін миллион теңгеден астамын жоғалтты

Қазақстанда рұқсаттарды бөлу әдістемесі өзгеруде

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

Leave a Comment