Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ҚАЛА ӘКІМІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгін тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты. Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға төтеншеліктер мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника мен 10 мотопомпа жұмылдырылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде аталған елдімекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға халықтың қолайсыздығын қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында. Aspam.info Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 
 

Related posts

Алматыда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

3 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕ БОЙЫ ТАЗАЛАНЫП, 1 031 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Leave a Comment