Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 1000 ТҮП ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ елді мекенінде «Тал егу – игі іс» акциясы өтті. Түркістан облыстық мәлихатының депутаты Баймахан Сүлейменовтің бастамасымен өткен игі шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихаттың депутаттары, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты. Акция аясында «Шорнақ» мешітінің 3,5 гектар аумағына 1000 түп жеміс ағашы отырғызылды. Аудан тұрғындары алдағы уақытта бұл жерді үлкен саябаққа айналдыруды жоспарлап отыр. Ауданның дамуында көшелерде көгалдандыру және абаттандыру, тазалық жұмыстарын уақытылы орындау маңызды. Ауданда жыл сайын көктем мезгілінде жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары басталады. Оны ауыл тұрғындары болып жалғастыру дәстүрге айналғандай. Осылайша, жергілікті тұрғындар да ауданының көркеюіне өз үлесін қосып келеді. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
 
 
 
 

Related posts

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 40-тан астам шетелдік ұсталды

Тоқаев Қазақстан мен Литва арасындағы келісімге енген өзгертулерді ратификациялады

45 мың пакет: Маңғыстауда дәріхана нашақорларға бизнес ұйымдастырды

Leave a Comment