Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеніне көрсетілетін мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған жұмысшы топ Қазығұрт, Сарыағаш аудандарындағы шаруалармен арнайы кездесу өткізді. Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы, «ҚазСуШар» мен «Тұран су» мекемелерінің басшылары, жанармай таратушы операторлар мен қаржы ұйымдарының басшылары қатысты. Кездесуде шаруалардың дала жұмыстарына дайындығы мен мемлекеттік бағдарламалар барысы талқыланды. – Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының негізгі саласы. Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде аймақтың агроөнеркәсіптік кешені тұрақты дамуда. Облыс көлемінде құрылған жұмысшы 3 күн бойы аудандарды аралап, шаруалармен кездеседі. Сұрақтарыңызға жауап беріп, мәселені өздеріңізбен бірігіп оңтайлы шешу үшін келдік. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қолдауларды кеңінен насихаттау, шаруалардың шығындарын жеңілдетіп, еш қиындықсыз мемлекеттік қолдауды алуын қамтамасыз ету, – деді Ермек Кенжеханұлы. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 21,8 мың тоннаға өтінім тапсырылды. Қолдау бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1-20 желтоқсан аралығында құжаттар қабылданған. Ал күзгі дала жұмыстарына өтініш 1-20 мамыр аралығында қабылданады. Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары өз тараптарынан мәселелерін көтеріп, жауапты мамандарға сұрақтарын қойды. Сонымен бірге облыс әкімі орынбасарының жеке қабылдауында бірнеше шаруа көкейтесті мәселелерін қозғады. Отандық өнімдердің бағасы және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сөз болды. Жанар-жағармайдың уақтылы бөлінуі мәселесі де көтерілді. Шаруаларға отандық қызанақ пен қиярдың сұраныста төмендеу себептері және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Мемлекетік тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулар ауыл шаруашылығы министрлігінің «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Айта кетсек, қайта өңдеуге өткізілген жәндік жүгеріні субсидиялау, жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау, сатып алынған тұқым құнын субсидиялау, тыңайтқыштардың құнын субсидиялау, пестицидтердің құнын субсидиялау, жеңілдетілген жанар-жағармайға өтінім қабылдау, ағын су құнын жеткізу қызметін субсидиялауға жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасы арқылы өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларға да қолдау көрсетіледі. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
 
 
 
 

Related posts

Қар «ақырзаманынан» құтқарылды: Тоқаев полицейге алғысын білдірді

Астанада Наурыз мерекесі кімге төленеді

Алматыдағы жер сілкінісі: магнитудасы туралы мәліметтер пайда болды

Leave a Comment